«Таңшолпан». 21 қазанда Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның мерейтойлық концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 21 қазанда Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның мерейтойлық концерті өтеді

19.10.2017

Ақан сері,  Біржан салдардың жолымен жүріп келе жатқан, бүгінгі күннің сал-серісі Рамазан Стамғазиев және оның жұбайы белгілі әнші Ұлту Қабаева бағдарлама қонағы болды.

Жұлдызды жұптың сахнада жүргеніне - 30 жыл. Бағдарламаға келген өнер иелері өмірдегі, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Биыл кәсіби сахнаға шығып, қазақ даласында, шетелде концерт бергенімізге 30 жыл.  Осыған орай 21 қазанда Алматыда «Күзгі әуен» атты шығармашылық кешіміз өтеді. Дайындық аяқталып жатыр.

Бұл концерт мерейтойға ыңғайланған концерт. Біздің жетістіктеріміз, халықтың жүрегінде қалған әндеріміз туралы сұрақтарға жауап алатын концерт болмақ», - дейді Рамазан Стамғазиев.  

Хабарламаларға жазылу