«Таңшолпан». Рамазан Стамғазиев: «Мен қазақпын» жобасы 25 жылдағы бетке ұстар жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Рамазан Стамғазиев: «Мен қазақпын» жобасы 25 жылдағы бетке ұстар жоба

20.09.2017

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Рамазан Стамғазиев бүгін таңғы бағдарламада  қонақта болды.

«Ұлттық арна ұйымдастырған «Мен қазақпын» мега жобасына арнайы шақырту алдым. Қазақтың әнші, күйші, жыршы, термешілерінің басын қосатын  керемет жоба екен. Әрине, кемшіліктер де бар. Алайда, жоба - жақсы дүние. Бір әнді орындау үшін оның тарихын білу, сөзін жаттау керек. Ол үлкен дайындықты талап етеді.

«Мен қазақпын» мега жобасы 25 жылдағы бетке ұстар жоба деп ойлаймын. Бұл жақсы құбылыс. Былтыр Алматы қаласында дәстүрлі театр ашылды. Ол театрға соңымыздан ілесіп келе жатқан жастар жұмысқа орналасты, бүгінде түрлі концерт беруде. Жастар халықты және сахнаны сезеді, деңгейлері көтерілді.

Биыл сахнада жүргеніме 30 жыл болады. Осыған орай 21 қазан күні Алмады қаласында мерейтойлық үлкен концерт болады», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу