Сахнаға шыққан келесі үміткер 20 ғасырдың хит әнін шырқады. Ол Қырғыз елінен келген Омар.
Жас әнші Батырхан Шүкеновтің жасына жеткенде дәл сол сияқты құрметке лайық болғысы келетіп айтып, осы жобада Қырғызстан елінің атынан шығуын асықпай жеткен жетістігі деп есептейтінін жеткізді.
Қырғыз елінің шоқ жұлдызы бүгінгі жарыс күніне L. Richie-дің «How long » әнін таңдапты.
Қазылар алқасының мүшесі Мансұр Ташматов (Өзбекстан):
- Бұл орындауда ағылшын тілі түсініктірек болды. Бірақ, бұл таңдауыңыз сәтсіз болды деп ойлаймын. Ән дауысыңыздың бар мүмкіншілігін аша алған жоқ. Тембр жағынан сәйкес келгенімен, мен сіздің бұдан да жақсы айта алатыныңызды білемін. Сондықтан, сізге сәттілік тілеймін.
Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.