Түрік ұстаздары кімдерден қысым көріп жүр? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік ұстаздары кімдерден қысым көріп жүр? (ВИДЕО)

03.10.2017

Түркиядағы саяси жағдайдың салқыны Қазақстандағы «Білім-инновация лицейлерінің» ұстаздарына тиіп жатқандай. Түрік ұстаздары кімдерден қысым көріп жүр? Лицейлердің Фетхуллаһ Гүленге қатысы бар ма? Осы сұрақтарға «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте бүгінгі «Басты тақырыпта» жауап іздеп көрді.

Осы аптада әлеуметтік желілерде Керекудегі лицей ұстаздары Мемлекет басшысынан саяси баспана сұрады  деген ақпарат тарады. Осы оқиғаға тоқталған Дархан Өте:

«Өкірішке қарай, осындай жағдай белең алып отыр. Павлодардағы қазақ-түрік лицейлерінде жұмыс істеп жатқан Осман Демирель және Иса Алтынташ деген екі түрік ұстазы шарасыздықтан сол жердегі көші-қон полициясынан саяси баспана сұрап отыр. Оның басты себебі, Осман Демирельдің екі баласының төлқұжаттары мерзімінің аяқталғанына 2 ай, ал, Иса Алтынташтың құжат мерзімінің аяқталғанына 5-6 айдың жүзі болды. Бұл азаматтар Түркиядан басқа жаққа кете алмайтын болғандықтан, Елбасымыздан баспана сұрап отыр»,-дейді.

Бағдарлама барысында бұл жағдайдың Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің тікелей бақылауында екені, еліміздегі түрік ұстаздарының жалпы жағдайы, егер аталған екі ұстаз елдеріне қайтарылса, тағдырлары не болмақ деген сауалдарға жауап берілді.

Еске сала кетейік, «Басты тақырып» бағдарламасына тікелей эфирге хабарласуларыңызға болады.  

Байланыс нөмірлері: 8 (717) 2-55-38-36.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу