Педофилия ауруына шалдығудың себептері қандай? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Педофилия ауруына шалдығудың себептері қандай? (ВИДЕО)

27.04.2017

Бүгінгі «Әйел бақыты» бағдарламасында кәмелеттік жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсететін педофилдер туралы талқыланды. Студияда арнайы мамандар болып, ойларын ортаға салды.

«Педофилия» - көптеген жағдайларда туа бітісімен немесе жүре келе пайда болатын психологиялық ауытқу.  Педофилияға шалдығу себептерін психолог Венера Телжан атап көрсетті.

«Біріншіден, анасының жүкті болған кезінде есірткі мен темекіге, алкогольге қызығушылығы болуынан пайда болуы мүмкін.  Өйткені, анасы жүкті болған кезде мишыққа зиян келеді де баланың кейбір нейрондары бұзылып, ми қабының өзгерісінен де бұл ауру болып жатады. Сонымен қатар, азғындардың ерте жастан сексуалды қысым көруінен, кей жағдайда өздерінің психотравма алуынан болады. Себебі, балалар жас кезінде үлкен адамдардың сексуалды қарым-қатынасын да көріп қалуы мүмкін. Ол да үлкен травма. Психологиялық түрлі ауытқулар да бұл ауруға себеп», - дейді психолог.

Хабарламаларға жазылу