Бауыржан Исабеков: Қазақстан 1 литр мұнай бағасы  бойынша 13-15 орын аралығында тұр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Исабеков: Қазақстан 1 литр мұнай бағасы  бойынша 13-15 орын аралығында тұр (ВИДЕО)

02.10.2017

Қараша халықты бензин бағасы тағы қинады. Қоңыр күзде жанармай қымбаттайды деген сарапшылардың болжамы дөп келді. Елімізде АИ92 маркалы бензин бағасы 151 теңгеге көтерілді. Ал, кейбір өңірлерде 155 теңгеден сатылса, енді бір аймақтарда тіптен жоқ. Жанармай тағы қымбаттай ма? Бағаның бағынбауына нақты себеп не? Бүгінгі «Басты тақырып» осы мәселелерді қаузайды. Студияда – экономикалық сарапшы Бауыржан Исабеков.

Жанарбай бағасының көтерілу себептеріне тоқталған сарапшы:

«Өзіміздің зертханамызда жүргізілген зерттеулердің негізіне сүйене отырып айтарым, бүгінгі таңда Қазақстан нарығындағы АИ-92 бензинінің 70 пайызы өзімізде өнідіріліп, қалған 30 пайызы Ресейден келеді екен. Дизель отынының да 15 пайызын шеттен алып келеді екенбіз. Бізде олигополиялық нарық  қалыптасқан. Яғни, көтерме саудамен Қазақстанда негізінен 5 компания айналысады. Бұл нарықта қалыптасатын бәсекелестікке теріс әсерін тигізіп отыр. Тағы бір себеп – мұнай дефицитінің орын алуы»,-дейді.

Бауыржан Исабеков хабар барысында шет мемлекеттердегі мұнай бағасын айта келіп, неліктен Қазақстандағы жанармай бағасы Ресейдікімен теңелуі тиіс деген сауалға жауап берді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ

Хабарламаларға жазылу