Бүгін Ақтөбе қаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында дзюдодан Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталады.
Халықаралық турнир Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Ермахан Ибраимов, Бақтияр Артаев сынды аты аңызға айналған спортшыларымыздың қатысуымен өтетін бұл жарыста ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталған. Олар: Елдос Жұмақанов (66 кг), Ғұмар Қырғызбаев (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Қажымұқан Өтеулиев (81 кг), Сұңғат Закарияев (90 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Ержан Шынкеев (+100 кг).
Айта кетейік, бүгін жарысқа қатысатын командалар тізімінде Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Оңтүстік Корея, Қазақстан мен Ақтөбе облысының құрама командасы бар.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталып, ақшалай сертификаттармен, дипломдармен және тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталатын болады.