Шахандағы апатқа кім жауап берді?

23.09.2017

2017 жылдың Жаңа жылын қарсы алып, ел қатарлы қуанған Шахан қаласындағы үйдің бір подьезі түнде тұтастай жермен-жексен болған еді. 1 қаңтардағы қиямет қиранды астынан 9 адамның мүрдесін табумен түйінделген-ді. «Себебі не?» деген ел жертөледе тәуліктеп қара алтынның қызуымен тоқтаусыз жанатын жасанды пештің жарылғанын білді. Осылайша, моноқалада мұндай пештердің талай үйдің астына орнатылғаны белгілі болды. Шенеуніктер бұл пештердің қажетті құжаты жоғын, халық рұқсатсыз орнатқанын айтқан еді.

Жалпы, еліміздегі басқа да моноқалалар мен шағын кенттерде орталық жылыту жүйесі жоқ. Яғни, Шахандағы апат өзге де ескі үйлерде болмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Шахан, Теміртау сияқты шағын қалаларды айтпағанның өзінде, биыл ірі қалалардың қысқа дайындығы елді алаңдатып отыр.

Мысалы, республика бойынша жөнделуі тиіс 10 энергоблоктың төртеуі аяқталып, төртеуі әлі де жөнделіп жатыр. 61 жылу қазандығының тең жартысы жөнделіп біткен жоқ. 49 газ турбинасының жартысы ғана дайын. Ал, Қарағандыда жазда жөнделген жылу қазандығы сынақтан өтпей қалған. Павлодар, Қарағанды облыстарымен қатар, проблемалы өңірлер қатарында Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстары да бар. Қанат Бозымбаев жалпы Қазақстанның жылу жүйелері сын көтермейтінін, облыс әкімдеріне қысқа жақсылап дайындалу керектігін ескертті.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу