Бүгін тұңғыш рет балалар премиясы – «Балапан жүлдесін» табыстау рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін тұңғыш рет балалар премиясы – «Балапан жүлдесін» табыстау рәсімі өтеді

12.12.2016
Бүгін тұңғыш рет балалар премиясы – «Балапан жүлдесін» табыстау рәсімі өтеді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Балапан» телеарнасы еліміздегі тұңғыш балалар премиясы – «Балапан жүлдесін» ұйымдастыруда.

Бүгін 13:30 - 16:00 аралығында Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында республикамыздағы ең дарынды, ең талантты,  ержүрек, чемпион балаларға «Балапан» жүлдесі табыс етіледі.

Осы шараға балаларыңызды көрермен ретінде қатысуға шақырамыз. Мерекелік кешке мерекелік киіммен келулерін сұраймыз.

Концертке кіру тегін!

2016 жылдың ең үздік балалар жобасын 16 желтоқсанда «Балапан» телеарнасынан көре аласыздар.

Айта кетейік, жобаға республикалық, халықаралық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінген 5-12 жас аралығындағы балалар қатысты. 2000-нан астам өтініш түсіп, солардың ішінен аталымдар бойынша ең үздіктері іріктеліп алынды. Қазылар алқасында еліміздің танымал тұлғалары болды.

«Балапан Ғалым», «Балапан Талант», «Балапан Чемпион», «Балапан Шебер» мен «Бала батыр» атағына ие болған жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Байланыс нөмірлері: 8 778 412 88 80, 8 775 769 63 71

Хабарламаларға жазылу