Польша 40 миллионға жуық халқы бар мемлекет. Жер көлемі Ақтөбе облысының аумағындай ғана. Десе де, Еуропадағы ең қуатты, аграрлы мемлекеттердің бірі. Польшаның әлем экономикасындағы салмағы қандай?
Бүгінгі «Басты тақырыпта» экономикалық сарапшы Қайырбек Арыстанбеков қонақта болып, Қазақстан мен Польша арасындағы қарым-қатынас жайында әңгіме қозғады.
«БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, дүниежүзілік банктердің ресми мәліметтеріне назар салсақ, Польшадағы экономикалық потенциал 890 миллиард долларға жетіп отыр. 1 триллонға жақындап қалды. ІЖӨ бойынша 1 триллионы бар мемлекеттер аз. Егер Польша жақын арада сол елдердің қатарына енсе, Еуропаның жетекші елдерінің қатарына қосылуы ықтимал.
Экономикалық көрсеткішінің екінші индикаторы – жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі соңғы деректер бойынша 23-24 мың АҚШ долларына жетті. Ұлттық валютаның сатып алу қабілеті бойынша осындай көрсеткішке жетіп отыр. Қазақстан да ілесіп келеді. Егер елімізде экономикалық қарқын жоғары болса, біз Польшаға жетіп алуымыз мүмкін».
Сұхбат барысында Польшаның көршілес мемлекеттермен ара-қатынасы туралы да сөз болды.