Ата Заң елімізді әлемнің өркендеген елдерінің қатарына қосуға зор ықпал етеді - Әсет Исекешев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата Заң елімізді әлемнің өркендеген елдерінің қатарына қосуға зор ықпал етеді - Әсет Исекешев

30.08.2017
Ата Заң елімізді әлемнің өркендеген елдерінің қатарына қосуға зор ықпал етеді - Әсет Исекешев

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындары мен қонақтарын Конституция күнімен құттықтады.

«Сіздерді 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң – еліміздің тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын негіздейтін маңызды құжат.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған еліміздің басты құжатында демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қағидалар бекітілді. Бұл, өз кезегінде тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуына даңғыл жол ашты. Конституция Қазақ елін мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, тату-тәтті қоғамның құқықтық тұғырнамасын жасады.

Елбасымыз бұл жөнінде «Кез келген елдегі конституциялық үдеріс Конституцияны қабылдаумен тоқтамайды, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерді заңгерлік көмкеру қоғамда болып жатқан динамикаға сәйкес болып қана қоймай, сонымен бірге одан озып кетуге тиіс» деген болатын. Ата Заң «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес елімізді әлемнің 30 алдыңғы қатарлы өркендеген елдерінің қатарына қосуға зор ықпал етеді.

Осынау маңызды мерекеге орай баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке, ашық аспан тілеймін!», делінген елорда әкімінің құттықтауда.

 

Хабарламаларға жазылу