Әсет Исекешев: Ғарыш – біздің ел үшін өте маңызды сала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсет Исекешев: Ғарыш – біздің ел үшін өте маңызды сала

27.11.2015
Әсет Исекешев: Ғарыш – біздің ел үшін өте маңызды сала

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинарын ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бастап берді.

«Ғарыш саласы біздің ел үшін өте маңызды сала. Бүкіл әлем ғарышты игеруге күш салып жатыр. Бұл  болашақта ғылыми-техникалық прогресс үшін зор пайда береді.  Сондықтан, ғарышты игеру – Қазақстанның болашағы үшін  аса маңызды. Бүгінгі кездесуде саладағы негізгі мәселелер қаралады»,-деп атап өтті министр.

«Соңғы жылдары Қазақ елінің бұл салада жеткен жетістігі жетерлік. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бірнеше мәрте ғарыш саласының дамуына назар салған болатын.  Соңғы жылдары біздің елдің жекеменшік  4 жер серігі жұмыс істеп тұр. Бүгінде еліміз  ғарыштық технологиясы бар 30 елдің, ал, жоғары технологиясы бар 10 елдің қатарында.

Сонымен қатар, кадр даярлау бағытында да талай шаруа атқарылды. Қазіргі таңда министрлікте, комитетте 1300-ден астам  адам қызмет етеді. Оның 500-і ғалымдар. 130-ден астам адам шетелде білім алған»,-деді Әсет Исекешев.

Хабарламаларға жазылу