«EQUUS» жылқылар туралы деректі трилогияның түсірілімі ағымдағы жылдың 28 тамызына Ақмола облысында жоспарланған. Ол туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпараттық тур барысында хабарлады.
Сонымен қатар, іс-шараға Ақмола облысының әкімі М. Мурзалин, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Е. Қарин және БАҚ өкілдері қатысты.
Жоба «Қазақстан» корпорациясы және «Clearwater Documentary Inc.» арасында «EQUUS» деректі трилогияның бірлескен өндірісіне арналған меморандумның аясында іске асырылуда. Сонымен бірге, «Қазақстан» РТРК» АҚ трилогияның халықаралық хабар таратушысы мәртебесіне және Қазақстан аумағында телехикаяны қазақ және орыс тілдерінде трансляциялау құқығына ие болады.
«EQUUS» фильмі 3 сериядан құралған, адамзат тарихында жылқылар рөлін ашады және Орталық Азия далаларында жылқы мәдениетінің пайда болу жаңалықтары туралы баяндайды.
Қазақтың тең продюсері Нұрбол Баймұхановтың және канадалық режиссёр Найоби Томпсонның басшылығымен әрекет етіп, ежелгі дала көшпенділерінің бейнелерін тіріге айналдыру үшін жоғары кәсіби кинематографшылардан, арт-дизайнерлерден және дыбыс режиссёрлерінен құралған шетелдік түсірілім тобы қазақстандық киноның үздік кәсіпқой мамандарымен, реквизиторларымен, костюмдер бойынша суреткерлерімен және каскадёрлерімен жұмыс жасайтын болады.
Телехикая Канада және Германияның үздік түсірілім топтарымен ең жоғары ажыратымдылығы бар жабдық арқылы түсірілетін және Лос-Анджелестің атақты композиторы Даррен Фангтің симфониялық музыкасымен безендірілетін болады.
«Великая Одиссея Человечества» телехикаяның үлкен табысына сүйене отырып, телехикаяны 2018 жылдан бастап бүкіл әлем бойынша 50-ден астам мемлекетте көрсету жоспарлануда.
Осы жоба халықаралық аренада кино, туризм, еліміздің тарихы мен дәстүрі саласында Қазақстанның имиджін көтеруге ықпалын тигізеді.