Ерлан Қарин: « EQUUS» жобасының мақсаты - адамзат тарихының жаңа қырларын ашып көрсету - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: « EQUUS» жобасының мақсаты - адамзат тарихының жаңа қырларын ашып көрсету

07.03.2017
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Clearwater Documentary» компаниясы меморандумға қол қойды. Оның аясында «EQUUS», яғни, «Жылқы» атты деректі трилогия түсіріледі. Бұл фильмнің Қазақстан аумағында түсірілуі кездейсоқтық емес. Себебі, жылқыны алғаш қолға үйреткен біздің бабаларымыз.

Осылайша, өркениеттің ілгерілеуіне өлшеусіз үлес қосты десек қателеспейміз. Себебі, жылқының қолға үйренуімен адамзаттың дамуы да жылдамдады. Бұл ауқымды шараның мақсаты - ел тарихы мен дәстүрін қамтып, кино және туризм салаларының халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыру.
Деректі трилогия әлемнің 50-ден аса елінде көрсетілмек.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу