«Айтуға оңай...». Данияр Базарқұлов: Қоғамда саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптасса.. (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Данияр Базарқұлов: Қоғамда саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптасса.. (ВИДЕО)

08.08.2017

Әдетте театр дегенде көз алдымызға ең бірінші әрлеу бөлмесі, спектакльге қатысатын актерлер, сахна, қалың көрермен келеді. Ал, актер Данияр Базарқұлов пен режиссер Ерлан Кәрібаев осы қатып қалған стереотиптерді бұзды.

Яғни, «Ол» моноспектаклінде сахна, грим жоқ. Жасандылықтан ада. Тек адамның ішкі жанайқайы, актердің таза болмысы, табиғи адамдық келбеті ғана.

Кино мен театр актері, тұтас бір спектаклді ойнап шыққан Данияр Базарқұлов бағдарламаға сұхбат берді.

«Негізі бұл тәжірибемен келді. Театрға келгеніме 15 жыл болды. Бұл ойда жүргеніме 10 жылдың үсті болды. Біраз толғанып, осындай дүние шығардық.

Қойылымда бір адамның бейнесімен түрлі образ көрсетіледі. Жағымпаздықтан, жемқорлықтан ада болсақ деген ниет, саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптасса деген ой бар.

Қойылым барлығының көңілінен шықты деп ойламаймын. Өзінің көрермені бары анық. Басында бәрімізді сынады. Сын түзелмей, мін түзелмейді», - дейді актер.

Хабарламаларға жазылу