Тұрсынбек Кәкішев - XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытқан ғалым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрсынбек Кәкішев - XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытқан ғалым (ВИДЕО)

08.09.2015
Тұрсынбек Кәкішев - XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытқан ғалым (ВИДЕО)

Ғалымның 30-ға тарта түрлі жанрдағы кітаптар жарық көрген. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен зерттеді. Тіпті осы бағытқа шәкірттерін де баулып, XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытты.

«Тұрсынбек Кәкішев - ғылымда өзінің орны бар тұлға. Ол әдеби сынды жеке жанр ретінде қалыптастырып, оны жоғары оқу орындарына пән ретінде енгізді», дейді академик Сейіт Қасқабасов.

Саналы ғұмырында қазақ әдебиеті мен мәдениетін, өнерін зерделеген ғалым мұрасының орны ұрпақ үшін құнды болып қала бермек.

Ғалымның өнегелі жолы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу