Роза мен Луара қазір 6 баланың анасы. Апалы-сіңлілі қыздар оларды 2012 жылы Орал балалар үйінен асырап алған. 6 баланың 5-еуі - қыз, 1-еуі - ұл. Олардың үлкені Дана тұрмысқа шықса, қалғандары әлі мектепте оқиды. Балалар да бауырмал болып өсіп келе жатыр.
Апалы-сіңлілер міндеттерін өзара бөліп лаған. 6 баланың қарыны тоқ, киімі бүтін болуы Розаның мойынында болса, Луара олардың тәлім-тәрбиесіне жауапты. Облыстық білім басқармасы таяуда Луараны балалар үйіне басшы етіп тағайындады.
«Роза екеуміз бөлеміз. 2012 жылы құрбымыз Сания, ал бір жыл бұрын күйеуі Берік өмірден қайтты. Осылайша олардың балалары балар үйіне тапсырылатын болды. Сол кезде Роза апа маған ұсыныс жасады. Өзі денсаулығына байланысты бала асырай алмайтындықтан, мен алатын болдым.
Өзім мұғаліммін. Үш күн ойландым. Балалар не дегенмен жасөспірімдер. Апам екеуміз тұрмыс құрмағанбыз. Роза апам екеуміз өзіміз үшін өмір сүргенше, мәнді өмір сүруді шештік.
Ол кезде Әйгерім мен Дана нағашы әжесінің қолында болды. Кейін оларды Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына тапсырды. Барып, көрісіп тұрдық. Құжаттар жинадық. Сосын оларды алып кеттік.
Таңнан кешке дейін жұмыстамыз. Бәріміз бірге тұрамыз», - дейді Луара Батырғалиева.
«Ата-анамнан ерте жетім қалдым. Жетімдікті білемін. Бұл балалардың тағдыры мені өте қатты ойландырды. Балалардың бақытты болғанын қаладым. Біздің жанұяда, түсінетін ортада болса олардың жолдарын тауып кететініне сенемін», - деді Роза Ақманбетова.