«Әйел бақыты». Жасырын кейіпкер: Өз үйімнің үй қызметкері секілдімін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Жасырын кейіпкер: Өз үйімнің үй қызметкері секілдімін (ВИДЕО)

03.07.2017

«Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп жатамыз. Үйге түскен жас келін кесір әкелсе не істер едіңіз? 

59 жастар Гүлхан екі баланың анасы. Келінінен қорлық көрген кейіпкер оқиғасымен бөлісті.

«Баламның мінезі жуас. Мен болса келін таңдамадым. Өз қалауымен үйленді. Бірақ, алғашқыда келін жақсы болып жүрді. Әңгіменің барлығы кейін басталды. Келін 1 бала босанғаннан кейін  мінезін көрсетті.

«Жақсы тамақ ішемін», «жақсы киім киемін» деп әңгіме айта бастады. Өзімнің қызым болмаған соң қызым ретінде қарап, еркелетіп, босатып жебірдім. Өзімнен де бар-ау. Отбасын құрғанына 10 жыл болды.

Балам үндемейді. Балама барлығын айта алмаймын. Ренжиді ма деп қорқамын. «Баламның жанұясы шайқалмасын, ұрыспасын» деп шыдап жүрмін. Келінім өз бетімен жүреді. Әлеуметтік желіде отырады. Кеш жатып, кеш тұрады.

Құдағиыммен сөйлестім. Басында онымен жақсы едік. Кейін ол да басына бастады. Үйімізге еркін келіп, еркін кетеді. Сол үйдің қызметшісі секілдімін. Келінімнің көңілі келсе ғана тірлік істейді. Көңілі келмесе істемейді», - дейді Гүлхан.

Хабарламаларға жазылу