Суицидке не себеп? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суицидке не себеп? (ВИДЕО)

01.07.2017

Қазақстан суицид бойынша әлемде 10-шы орында тұр. 2017 жылдың 1-тоқсанының өзінде 850 қазақстандық биіктен секіріп, күре тамырын қиып, асылып өлген. 1 жылда кәмелет жасына толмаған 201 ұл мен қыз өз-өзін өлтірген. Тағы 500-ін асылып тұрған жерінен аман алып қалған. Адамды өлімге жетелейтін ғимараттар қай қалада, қай жерде орналасқан?

«Мәселенің» бүгінгі шығарылымы осы мәселелер жайлы болды.

Суицид жасаудың тағы бір себебі – кедейлік. Бұдан бөлек, отбасындағы кикілжің. Ер мен әйелдің қырық пышақ болып қырқысуы.

Психологтардың айтуынша, жалғыздық та осының бір себебі екен. Сонымен қатар, ренжісіп қалған екі жастың бірі өле салады екен.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің прокуроры Жансерік Бейсенов былай дейді:

«Ешкімге керексіз, жалғыз қалдым деген ойдың кесірінен 175 кісі суицид жасаған. Туған-туысқандарымен жанжалдасып, өзіне қол салғандар саны – 117. Зайыбымен ұрысып қалып, өзін асып тастағандар – 114 кісі. Ажырасқан соң асылып қалғандардың саны – 89».

Хабарламаларға жазылу