Қазақстан суицид бойынша әлемде 10-шы орында тұр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан суицид бойынша әлемде 10-шы орында тұр (ВИДЕО)

01.07.2017

Қазақстан суицид бойынша әлемде 10-шы орында тұр. 2017 жылдың 1-тоқсанының өзінде 850 қазақстандық биіктен секіріп, күре тамырын қиып, асылып өлген. 1 жылда кәмелет жасына толмаған 201 ұл мен қыз өз-өзін өлтірген. Тағы 500-ін асылып тұрған жерінен аман алып қалған. Адамды өлімге жетелейтін ғимараттар қай қалада, қай жерде орналасқан?

«Мәселенің» бүгінгі шығарылымы осы мәселелер жайлы болды.

Статистика бойынша, соңғы 45 жылда суицидке бел байлағандар саны 60 пайызға артқан. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылы Қазақстанда 3942 адам суицидтен көз жұмған.

Суицидке байланысты Айғаным есімді кейіпкер былай дейді:

«Терезенің алдында тұрып, ойыма әке-шешем, жақын адамдарым түсті. Өмір деген керемет қой, неге мен бір адам үшін өз өмірімді қию керекпін деп ойладым. Сол кезде мен жақындарымды ойлап, өз өмірімді аман алып қалдым».

Айта кетейік, Айғаным қарамай кеткен жігітіне күйініп, өзі тұратын үйдің 9-шы қабатынан секірмек болған.

Хабарламаларға жазылу