Моңғолия қазақтарын не алаңдатады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолия қазақтарын не алаңдатады?

19.06.2017

22-25 маусым аралығында Астанада Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді. Құрылтай бағдарламасының негізі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.

Айтулы шараға орай, бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы - Моңғолиядағы қазақ қаламгерлері кеңесінің төрағасы, ақын-жазушы Сұраған Рахметұлы.

«Туған елге келу - шетелде жүрген әр қазақтың арманы. Бар дүние өзіңдікіндей көрінеді. Моңғолия қазақтары Қобда өңіріне 1764 жылдан бастап қоныстана бастаған. Содан бері қарайғы уақыт тарихи, тағылымды кезең. Моңғолия - кең өлке, халқы тағдырлас, тамырымыз бір. Ондағы қазақтар нарыққа бейімделген, жағдайлары жақсы. Бұрынғы тоталитарлық жүйеде біршама қиындықтар болса, кейінгі қазақ елінің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шеттегі қандастардың да сезімін оятты», дейді Сұраған Рахметұлы.  

«Моңғолия қазақтарын не алаңдатады?» деген сауалға қатысты «Әлемде үлкен геосаяси ахуалдар жүріп жатқан уақытта шеттегі қандастар Қазақстанның әр қадамына тілекші», деген ойын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу