Астанада Қытай  киносының фестивалі ашылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қытай  киносының фестивалі ашылды (ФОТО)

07.06.2017
Астанада Қытай  киносының фестивалі ашылды (ФОТО)

Бүгін Астанада Қытай  киносының фестивалі ашылды. Шараға әлемдік киножұлдыз Джеки Чан арнайы келді.  Фестивальдің ашылу салтанаты алдында актер қазақстандық журналистердің сұрақтарына жауап берді.  Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Түнгі студия» бағдарламасының түсіріліміне қатысты.

Шараның бас ұйымдастырушылары  - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.  

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин өз сөзінде бүгінгі шараны екі ел арасындағы ежелден қалыптасқан мәдениетті жақындастырудың жаңа көпірі екенін атап өтті.

Өз кезегінде   ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасының төрағасы Не Чэньси кинофестиваль Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланысты арттыра түсетінін айтты. Сондай-ақ, қазақстандық кинематографияның бүгінгі дамуына жоғары бағасын берді.    

Айта кетейік, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады. Фестиваль аясында ұсынылатын фильмдер «MEGA Silk Way» сауда орталығы «Chaplin» кинотаеатрында  көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу