Димаш Құдайберген Джеки Чанға тосынсый жасады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген Джеки Чанға тосынсый жасады (ВИДЕО)

07.06.2017

Бүгін «Қазмедиа» орталығында Қытай киносы фестивалі өтті.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасымен ұйымдастырылған шараға танымал режиссерлер, ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, опера әншісі Майра Мұхамедқызы, актер, әнші Нұрлан Әлімжанов, актер асылхан Төлепов, актер Берік Айтжанов, актриса Аружан Жазылбекова, Қанат пен Света Айтбаевтар және басқа да танымал жұлдыздар қатысты.

Ал, әнші Димаш Құдайберген Джеки Чанға тосын сый жасап, қытай тілінде ән айтты.

Атап кетсек, Қытай киносы фестивалі Астанада 7-18 маусым аралығында өтеді. Елордалықтар мен қала қонақтары фестиваль аясында «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады. 

Хабарламаларға жазылу