Бүгін Ұлттық арна Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

07.06.2017
Бүгін Ұлттық арна Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін 15:30-да «Қазақстан» Ұлттық арнасы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді. Басты қонақ – аңызға айналған актер Джеки Чан түнде Астана қаласына келді. 

Салтанатты шарада актер көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты  фильмін тарту етеді. Шараның бас ұйымдастырушылары  - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. 

Айта кетейік, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу