Алты баласы бар жалғызілікті ана баспаналы болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алты баласы бар жалғызілікті ана баспаналы болды (ВИДЕО)

30.05.2017

Әкелері қайтып болып, анасы да қатерлі ісікке шалдыққан ағайынды  алты бала ерте есейген. Әлі мектеп оқушысы болса да олар бірі кептер бағып сатып, бірі біреудің бау-бақшасын күтуге жалданып, бар тапқан тиындарын анасына әкеліп береді. Бастарынан су өтпеді дегені болмаса, батпақтан салынған баспананы үй деп айтуға да келмейді. Іші-сыртының сылақтары түскен, әбден тозығы жеткен.

Ділбар Ергешқызы: «Маған дәрігерлер «екінші деңгейлі қатер ісік» деген диагноз қойды. Тұрып жатқан үйімізді жалдаймыз. Отағасы қайтпай тұрып, сол кісінің інісінің үйінде тұрған едік. Күйеуім қайтыс болғаннан кейін қырқы өткен соң, інісі бізге үйді босатыңдар деді. Ендігі арманым – балаларымды ел қатарына қосу».

Кәсіпкер Валик Асанов: «Ораза айында бір сауап жасасаң, Алла мың сауап жазады. Біз Қарасай ауданы, Шамалған ауылында жетім-жесірлерге арнап 5-6 бөлмелі 20 шақты үй салдық. Бұйырса, бұл отбасыға да бір айдың көлемінде үй салып береміз. Елімізде жағдайы жақсы бауырларымыз бар. Солар мұқтаждарға қол ұшын созса, мұндай отбасылар қалмас еді».

Кәсіпкер Назыр Қосубаев та бұл отбасының жағдайын естіп, Қарағандыдан арнайы келген. Ол балалардың киім-кешегіне, ас-ауқатына жетерлік қаражат алып келген.

Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу