Астанада адвокат жалдаудың құны қанша? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада адвокат жалдаудың құны қанша? (ВИДЕО)

29.05.2017

Астанада адвокат жалдаудың құны қанша?

Марат Башимов: «Бағасы әртүрлі. Бірінші инстанцияда 40 мыңнан басталады. Бұл қарап отырсаң, бір адамның жалақысы. Қалтаға соғады. Ал, ақшасы барлар құқықтарын қорғау үшін бір емес бірнеше адвокат жалдайды».

Адвокаттарға деген сенім неге сетінеп барады?

Марат Башимов: «Сенімділік қашанда жоғары болуы керек. Бірақ, кейде адвокат еместер де осы салаға кіріп кетеді. Халықтың ақшасын алдын ала алып алады, соңынан процесті жүргізе алмайды. Себебі, өзі де ештеңе білмейді. Сенімділік осыдан жоғалады».

Хабарда сондай-ақ, адвокаттарды қайтадан оқыту қажет пе деген мәселе қаралды.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында елімізде кейінгі кездері адвокаттар мен заң фирмаларына деген сенім азайып, олардың кәсіби біліктіліктеріне күмән келтірген шағымдар көбейіп кеткені туралы сөз болды.

Ал, «Басты тақырып» студиясында қонақта болған ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, заңгер Марат Башимов осы мәселе төңірегінде пікірімен бөлісті.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу