«Құқықтық медиа орталық» және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) журналистер арасында балалар және балалық шақ тақырыбына қатысты ең үздік материалға байқау жариялайды.
Байқауға Қазақстандағы БАҚ-ның журналистері қатыса алады. Сайысқа 2017 жылдың 1 сәуірі мен 15 маусымы аралығында жарық көрген материалдар қабылданады.
Материалдар тақырыбы:
- Балалардың ерте есеюі, әжелер мен әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлі;
- Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан;
- Теңдік және инклюзия;
- ЮНИСЕФ-тің ағымдағы бағдарламаларының тақырыптары (тақырып таңдайда сарапшылар кеңесі қарастырылуы мүмкін).
Материал Отбасы күні (15 мамыр), Ата-аналар күні/Балалар күні (1 маусым), Әкелер күні (18 маусым) сияқты халықаралық атаулы күндерге арналған болуы мүмкін.
Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде екі категория бойынша – электрондық БАҚ (телесюжеттер, интернет-сайттардағы материалдар) және баспасөз (газет, журналдар) қабылданады.
Жеңімпаздар 100, 80, 60 мың теңгенің көлеміндегі (1, 2, 3 орындар) ұтыстармен марапатталады. Байқау нәтижесі 28 маусымда анықталады.
Материалдарды 2017 жылдың 18 маусымына дейін mediastana@gmail.com электронды поштасына автор жөніндегі ақпаратпен (аты-жөні, жұмыс орны, телефоны) бірге жіберу керек немесе Медиа-орталықтың кеңсесіне (Астана қ., Отырар к-ші , 15, 504-кеңсе) алып келуі қажет. Хатқа «ЮНИСЕФ байқауы» деп көрсету шарт.
Қосымша ақпаратты 8 (717)-2-42-44-32 телефон нөмірі немесе mediastana@gmail.com электронды мекен жайынан біле аласыздар.