«Әйел бақыты». Әлішер Елікбаев: Болашақта сұранысқа ие болатын 4 мамандықты белгілер едім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Әлішер Елікбаев: Болашақта сұранысқа ие болатын 4 мамандықты белгілер едім (ВИДЕО)

25.05.2017

Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Десе де, оны таңдауда қателесіп, біліктілігі жазылған диплом қажетсіз болып жатады. Алдағы уақытта қандай маман иелері сұранысқа ие болмақ?

«Еңбек етемін» деген адамға барлық мүмкіндік бар, тек дұрыс таңдау жасау керек. Табысты болу үшін ең алдымен не қажет? Білім бе? Диплом ба? Әлде қабілет пен ынта ма?

Бұл жайында өз ойымен кәсіп көзі мен табыс кілтін тапқан маман иесі, белгілі блогер Әлішер Елікбаев бөлісті.

«Заман күн сайын өзгеріп жатыр. Қазір ақпараттық технологиялар дәуірі. Бүгін таңдаған мамандық ертең қажетсіз болып қалуы мүмкін. Жастар осыны жақсы түсіну керек. Дұрыс мамандықты таңдау үшін тенденцияларға назар салу керек. Мәселе қазіргі қажеттіліктерде емес, 5 жылдан кейін өзекті болатын мамандыққа бағытталуда.

Қазіргі тенденцияларға тоқтасақ, мамандық таңдауда келесі салаға назар аудару керек. Ол – білікті дәрігерлер, білім беру саласы, IT-мамандары, сәулетші-дизайнерлер», - дейді блогер.

Хабарламаларға жазылу