«Әйел бақыты» мен «Ер бақыты» гүлдері туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» мен «Ер бақыты» гүлдері туралы не білесіз?

10.03.2016
«Әйел бақыты» мен «Ер бақыты» гүлдері туралы не білесіз?

Арулардың көпшілігі хош иісті, жұпар аңқыған гүлдерді ұнатады. Солардың ішінде тек осы мезгілде бүр жаратын бөлме гүлдері сұранысқа ие. Әсіресе, көпшілік «Әйел бақыты» атап кеткен спатифиллумға тапсырыс көп дейді бағбандар.

Маман кеңесі:

«Спатифиллум – күн шуағын жақсы көреді. Жапырақтарына су сеппей, тек шаңын сүртіп, уақытылы суарып отырса жеткілікті».

«Әйел бақыты» гүлімен тамырлас, тек түстері әртүрлі антуриум гүлін көпшілік «Ер бақыты» деп атайды. Оның жапырақтары тек қызыл түсті ғана емес, ақ, күлгін және қара түсті болады. «Қара ханзада», «Қара дарк» деген тарихи атаулар да осыдан шыққан.

Өзге де гүлдер туралы ақпарат алғыңыз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу