Біріккен Араб Әмірліктері еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қызығып отыр. Біз арқылы Қытайға шығып, Қытай нарығын бағындырғысы келеді. Екі елді байланыстыра отырып, ұтарымыз бен ұтыларымыз қай жер?
«Азық-түлікті дамыту тақырыбына келер болсақ, 2011 жылы Елбасымыз Мұсылман әлемі Сыртқы істер министрлерінің Астанада өткен бас қосуында штаб-пәтері Астанада орналасатын азық-түлікпен қамтамасыз ету ислам ұйымын құрайық деген бастама көтерген болатын. Міне, сол алты жыл ішінде бұл ұйым құрылды. Штаб-пәтері Астанада. 57 мұсылман елі ислам ұйымы арқылы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатын қойып отыр.
Себебі, Шығанақтағы Араб елдерінің барлығы азық-түлікті 100 пайыз сырттан тасуда. Әсіресе, біздің астығымызды сатып алуға мүдделі. Осы жолы келген топтың бірқатары Қазақстанның астығын араб әлеміне шығару мақсатын қойып отыр»,-дейді елші.
Хабар барысында халал өнімдер, араб еліндегі қазақстандық кәсіпорындар туралы да сөз болды.