Елбасы Жолдауы араб тіліне аударылды
Біріккен Араб Әмірліктерінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы араб тілінде жарияланды.
Әбу-Дабидегі ҚР елшілігінің бұл кітапшасы БАӘ ресми, ғылыми және іскерлер ортасын Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына ену жоспарымен жан-жақты таныстырды.
БАӘ Ұлттық медиа кеңесінің бас директоры Ибрахим әл-Абедпен кездесуі барысында Елші Қайрат Лама Шариф Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін елдегі кәсіпорындарды жаңғырту және Қазақстан аумағында жоғары технологиялық өндіріс орындарын құру жолында әмірлік инвестицияларын тарту маңызды екенін атап өтті.
Ибрахим әл-Абед өз кезегінде «Dubai Expo 2020» ұйымдастыру және өткізу бойынша БАӘ мемлекеттік комиссиясымен, энергияны қалыпқа келтіру бойынша халықаралық агенттігі (IRENA) және «Астана ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін ұйымдастырушыларымен бірігіп жасалған жұмыс болашақ энергиясы мен жасыл экономиканы құруда өз жемісін беретінін тілге тиек етті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13
Kaspi.kz Джеки Чанның елімізде түсірілетін жаңа фильміне бас серіктес болды
13.07.2026, 20:10