Әміржан Қосанов: Әлемді қытайландырудың жаңа дәуірі басталып кетуі мүмкін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әміржан Қосанов: Әлемді қытайландырудың жаңа дәуірі басталып кетуі мүмкін (ВИДЕО)

18.05.2017

Аптаның басында Қытайда 28 елдің басшысы жиналған  «Бір белдеу, бір жол» форумы өтті. Ұлы Жібек жолын жаңғырту Қазақстан үшін қаншалықты маңызды? Қытайдан бастау алған сауда жолының қазаққа берер пайдасы аз ба, көп пе?

Ал, рухани жаңғыру тақырыбы неге азаттық алған 91-дің басында емес, неге дәл қазіргі мезгілде ойға түсті? Кеш қалған жоқпыз ба? Бүгінгі «Басты тақырып» Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» форумын талқыламақ. Студияда – саясаткер Әміржан Қосанов.

Қытай осы «Бір белдеу, бір жол» арқылы геосаясаттағы ықпалын арттыра ала ма?

Әміржан Қосанов: «Бұл Қытайдың өзінің амбициясына ғана емес, басқа дүниенің оған деген көзқарасына байланысты. Қазақстан сол дүниенің қай бөлігінде, мәселе сонда. Қарап отырсаңыз, геосаяси тұрғыдан Қытаймен терезесі тең бола алатын АҚШ-тың өзі геосаясатын өзгертіп жатыр. Трамп мырза өзінің ішкі кикілжіңдерімен жүріп, халықаралық саясатқа аса араласып жатқан жоқ.

Бұрынғы Обама кезіндегі басым бағыттарынан бас тартуда.  Еуропа ішкі дағдарысқа ұшырауда. Мысалы, Венгрия, Болгария, Греция. Меніңше, қазір Қытайға өзінің тазақытайлық тұсындағы өте оңтайлы сәт туып тұр. Яғни, Еуропа мен Американың «қолы тимей» жатыр. Қытаймен иық теңестіретін басқа мемлекет жоқ. Сондықтан, әлемді қытайландырудың жаңа дәуірі басталып кетуі мүмкін».

Хабарламаларға жазылу