АҚШ президенті Д.Трамп елдің жаңа зымырандық қорғаныс стратегиясын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Д.Трамп елдің жаңа зымырандық қорғаныс стратегиясын жариялады

20.01.2019

Өзін жайдың атқан тасындай құдіретті һәм ықпалды сезінетін АҚШ пен оның президенті осы аптада елдің жаңа зымырандық қорғаныс стратегиясын жариялады. Оның түпкі мақсаттарының бірі – жаудың ракетасын ғарыштан жою. Дональд Трамп, сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіріп тұрған мемлекеттерді атады. Жар астындағы жаулардың қатарында көршілеріміз Ресей мен Қытай бар. Екеуі де қазір әскерін, арсеналын мықтап, мығымдап жатқан державалар. Егер Вашингтон ядролық-зымырандық арсеналын күшейтетін болса, Бейжің мен Мәскеу де қарап қалмақ емес. Ал, бұл бәсекеге тоқтау салынбаса, жаһанда тағы бір жанталаса қарулану дәуірі басталып, жанжал оты тұтанады деген қауіп бар.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу