«Айтуға оңай...». Қуаныш Қадыров: Балам құжаттарды өз атына аударып алып, үйден қуып жатыр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Қуаныш Қадыров: Балам құжаттарды өз атына аударып алып, үйден қуып жатыр (ВИДЕО)

16.05.2017

«Біз отбасымызбен Қарақалпақстаннан келдік. 1997 жылы бірінші әйеліммен ажырасқанмын. Одан үш балам бар. Үш балам да менімен тұрады. Қазір екінші әйеліммен тұрамын.

2002 жылы ақша жинап, екі бөлмелі үй алдық. Үлкен балам интернатты бітіріп келді. 2005 жылы «Үйдің құжаттарын дұрыстап бер» деп балама бердім. Балам «үйді атыма аудардым» деді. «Өз балам», деп жүре бердім.

Сол балам 2010 жылы үйленді. Біраз қарыздандым. Сөйтіп үйді сататын болдық. Басқа үй тауып, соның иесімен балам екеуміз сөйлесіп, кепіл беріп кеттік. Ертесіне балам әйелімен барып, үйдің ақшасын беріп, үйді өз аттарына аударып алған. Анасын тауып алған. Сонымен араласып, мені үйден қуып жатыр», - дейді Қуаныш Қадыров.

Хабарламаларға жазылу