Айтыскер ақын барша қазақстандықтарды 1 мамыр бірлік күнімен құттықтап, жырдан шашу шашты.
«Күнтізбенің бір күнін арнайы Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп, арнайы демалыс жарияладық. Қазақ өзі бірліктің жолында кез келген дүниені садақ еткен - халықпыз. Мейлі батырдың жаны кетсін, басқа нәрсе кетсін бірлігіміз бен татулығымызды бірінші орынға қоямыз. Қазақстанда 130-дан аса этностың тыныш өмір сүріп жатқаны да Тәуелсіздіктің баянды болуына үлкен септігін тигізіп тұрған дүние деп ойлаймын. Тәуелсіздігіміз бен татулығымыз баянды болсын», - дейді Жандарбек Бұлғақов.