Қазбек Майгельдинов: Құндылығын көрсеткен оқулықтарды қазақ тіліне аударар болсақ, ол 2-3 жылдың ішінде нәтиже беруі мүмкін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазбек Майгельдинов: Құндылығын көрсеткен оқулықтарды қазақ тіліне аударар болсақ, ол 2-3 жылдың ішінде нәтиже беруі мүмкін (ВИДЕО)

25.04.2017

«Басты тақырыпта» Президент  мақаласында қозғалған қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық шығару мәселесі де талқыланды.

Мәселенің түпті мәніне тоқталған  Қазбек Майгельдинов: «90-шы жылдардағы қиын кезеңде қолымызға шетелдік Роберт Кийосаки, Карл Поппер, Джордж Сорос сынды авторлардың табысқа қалай жетуге болады деген тұрпаттағы кітаптары тиді. Бірақ, ол кітаптар қазақ аудиториясына аударылған жоқ, сол күйі қалды.

Кейін Президенттің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы қолға алынды, жастар шетелде оқып жатыр. Бірақ, ауылда да қаншама жас бар. Қазір ешкім кітап оқымайды деп жатамыз, ол қате пікір. Қазіргі жастар табысқа қалай жетеміз, қалай баюға болады деген кітаптарға қызығады. Алайда, ол кітаптер не ағылшын, не орыс тілінде ғана. Ауылдағы жастарымыз кітап оқығысы келгенімен, тілдік кедергілердің әсерінен жаңағыдай деңгейге жете алмай отыр»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу