Мән берген адамға қоқыс дегеніміз – қып-қызыл ақша. Керексіз деп лақтырған заттар қоқыс алаңында үлкен сұранысқа ие. Шыны бөтелке 1 теңгеден 5 теңгеге дейін бағаланады. Пластмасса бөтелкенің келісі – 20 теңге, целлофан пакеттердің келісі 15 теңгеге саудаланады.
28 жыл қоқыс арасында жүрген Күлпан Ибрагимованың жұмысы қазір қауырт. Өйткені, мамырға дейін 1 тонна картон қағаздың тапсырысын орындауы қажет. Ебін тапқандар осылайша тау боп үйілген қоқыстан да пайда тауып отыр.
Күл-қоқысты кәсіп еткендердің саудасы қай уақытта қызады? Қоқысты кәдеге жарататын және қайта қалпына келтіретін елдерді білесіз бе?
Бүгінгі «Мәселеден» көріңіз.