Астанада Есіл өзенінің арнасы тазартылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Есіл өзенінің арнасы тазартылуда

18.07.2015
Астанада Есіл өзенінің арнасы тазартылуда

Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «ҚазБиоСервис» ЖШС тұрақты түрде аудан аумағындағы тазарту жұмыстарын жүзеге асырады.

Күнделікті компания жұмысшылары жағалау мен су бетін, қамыс арасын, балдырларды тазартумен айналысады.

Бүгінгі таңда мердігер мекеме аталмыш жұмысқа 3 қайық, 2 жүк тиегіш көлік пен 25 жұмысшыны тартқан.

«Есіл» ауданы әкімдігі абаттандыру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың сәуір айынан бері Есіл өзенінің арнасын тазарту кезінде 156 тонна қоқыс шығарылған.

 

Фото: astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу