«Тәй-тәй шоу» жобасының бірінші кезеңінде  Алдияр Марат пен Айдана Әділбек жеңіске жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәй-тәй шоу» жобасының бірінші кезеңінде  Алдияр Марат пен Айдана Әділбек жеңіске жетті (ВИДЕО)

15.04.2017

«Тәй-тәй шоу» жобасының  бірінші кезең шарты бойынша  еңбектейтін балалар жарысқа түседі.  Балақай небәрі 2 минуттың ішінде жолдағы кедергілерге қарамастан анасына еңбектеп жетуі тиіс.

Алғашқы қатысушы  - Жанерке «Диета» тобының әншісі Жасұланның қызы. Ол жарыс алаңында қоян, есек сынды ойыншықтарды қызықтап жүріп алды. Өкінішке орай, Жанерке 2 минуттың ішінде мәреге жете алмады.

Ал, келесі қатысушы Өмірәлі Айнадин алдымен жан-жағына зер салып бірден мәреге қарай емес, ең әуелі айналасын зерттеп алуға кірісті. Анасы оны қанша еркелетіп шақырғанымен ол ойыншықтармен ойнап, 2 минут уақыт өтіп кетті.

Үшінші қатысушы Алдияр Марат жарыс басталысымен бірден еңбектеуге кірісті. Ол  басқа қатысушылар секілді ешқандай ойыншықтарға алаңдамай, тек мәреге қарай  қадам басып, анасына жетіп, жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, жарыстың төртінші қатысушы Айдана Әділбек жарысты асықпай баппен бастағанымен анасына жетіп, ол да бүгінгі шоудың жеңіс тұғырынан көрінді.

Осылайша, бірінші кезеңде қос бірдей қатысушы жеңімпаз атанды.

Еске сала кетейік, «Тәй-тәй шоу» жобасын Ұлттық арнадан  әр сенбі сағат 12:00-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу