1 сәуірден бастап «Қазақстан» және «Балапан» телеарналарында «Тәй-тәй шоу» атты жоба басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 сәуірден бастап «Қазақстан» және «Балапан» телеарналарында «Тәй-тәй шоу» атты жоба басталады

28.03.2017
1 сәуірден бастап «Қазақстан» және «Балапан» телеарналарында «Тәй-тәй шоу» атты жоба басталады

1 сәуірден бастап «Қазақстан» және «Балапан» телеарналарында жапондық «Go Baby Go» телебағдарламасының аналогы ретінде жасалған «Тәй-тәй шоу» атты жоба көрерменге жол тартады.

«Тәй-тәй шоу» - бұл 1-3 жас аралығындағы балалар ата-аналарының көмегімен өзара жарысқа  түсетін ойын-сауықтық бағдарлама. 30 минутқа созылатын әр бағдарламада жас ерекшелігі бойынша бөлінген 3 конкурстық кезең болады.

Бағдарламаның мақсаты – отбасы құндылықтарын арттыру, «балалар – болашағымыз» екенін ұмытпау.

Бағдарламаны «Қазақстан» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 12:00-де, ал, «Балапан» телеарнасынан сағат 20:55-те тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу