«Таңшолпан» студиясында сазгер Қалдыбек Құрманәлі дүние есігін ашқан сәбиге есім берді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» студиясында сазгер Қалдыбек Құрманәлі дүние есігін ашқан сәбиге есім берді (ВИДЕО)

14.04.2017

Бүгін сазгер Қалдыбек Құрманәлі бағдарлама қонағы болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Айта кетсек, 16 сәуір күні Астанада сазгердің  «Шәмшінің әндері» атты кеші өтеді.

«Биыл ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірден озғанына - 25 жыл. Осыншама уақыттан бері композитордың көптеген әндері жарық көрді. Әлі де шықпаған әндері қаншама.

Біз жыл сайын, сәуір айында еске алу үшін кешін өткіземіз. Жалпы, Қазақ радиосының «Алтын қорына» Шәмшінің көзі тірісінде 43 әні қабылданған. Сол 43 әнмен әлемге танымал болған. Жыл сайын біз сол кештерге айтылмаған 2-3 әндерін қосып отырамыз. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын 16 сәуірде өтетін кешке шақырамыз», - дейді сазгер.

Бағдарлама барысында сазгер студия көрермендерімен Шәмшінің әнін орындады.

Қалдыбек Құрманәлі - балаларының атын ерекше қоятын азаматтардың бірі. Осыған орай бағдарлама жүргізушілері Астана қалалық перзентханасында дүниеге келген сәбиге есім беруді ұсынды. Сазгер жаңа туған сәбиге Шәмші есімін берді.  

Хабарламаларға жазылу