16 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады

12.04.2017
16 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады

16 сәуірден бастап әр жексенбі сайын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «1 студия» атты қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады. Бағдарламаның жүргізушісі – белгілі тележурналист, қоғам белсендісі Берік Уәли.

Жаңа бағдарлама тұжырымдамасына сай, берілген тақырыпты талқылауға төрт спикер қатысады. Хабар барысында студия қонақтарынын ішінен де мәселеге қатысты ой білдіргісі келетіндерге сөз беріледі. Ал, телекөрермендер эфирдегі мәселе бойынша дауыс беруге қатыса алады.

Жоба үш бөлімнен тұрады:

1-бөлім «Дат». Тараптар тақырып бойынша өздерінің датын айтады. Арнайы ведомство тарапынан келген мамандар уәжін айтады. Бұл бөлімде сөз жарысқа немесе сұрақ-жауапқа жол берілмейді.

2-бөлім «Айғақ немесе дәлел». Тараптар өздерінің ұстанымдарына қатысты, яғни, датқа немесе уәжге дәлел келтіреді.

3-бөлім «Түйін». Жүргізуші айтылған ой-пікірлерді ескере отырып қорытынды жасайды.

 «1 студия» бағдарламасының алғашқы хабары жексенбі 20:00-де эфирге шығады.

Ұлттық арна қосулы болсын!

 

 

Хабарламаларға жазылу