Қайрат Жолдыбайұлы: Азаматтықтан айыру – мәжбүрліктен барып отырған қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Жолдыбайұлы: Азаматтықтан айыру – мәжбүрліктен барып отырған қадам

11.04.2017

«ДАИШ» экстремистік тобына қосылған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Елбасы ТМД елдеріне тарайтын «МИР» телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

 

Бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлы осы мәселеге қатысты пікір білдірді

 

«Бұл мәжбүрлі шара деп ойлаймын. Қазақстан азаматтығынан айырудың астарында олардың елімізге  қайтадан келіп, бірнеше жыл абақтыда отырғаннан кейін лаңкестік ұйымдастыруы мүмкін деген басым күдік жатыр. Соның алдын алу үшін азаматтығынан айыру мәселесі бекітіліп отыр.

 

Алайда, мұндай қадам ел азаматтарының шетел асып, жиһадқа аттанбауына қандай да бір оң әсерін тигізеді деп ойламаймын. Себебі, олар өлімге бас тіккен жандар. Олар үшін азаматтық мәселе емес. Өлімге басын тігіп отырған адамдарды біз «азаматтығыңнан айырыласың», деп қорқыта алмаймыз. Бұл тек өзіміздің сақтық шарамыз, мәжбүрліктен барып отырған қадам»,-дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

«Басты тақырыптың» мұрағаты

Хабарламаларға жазылу