Жастар салафиттік идеологияның жетегінде кетпес үшін не істеу керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар салафиттік идеологияның жетегінде кетпес үшін не істеу керек?

11.04.2017

Бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы - исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлы.

«Біздің мемлекеттегі шешім қабылдайтын орындар  кейбір мәселелерде біздің ұсынған мәліметтерге, ұсыныстарға көп көңіл аудармай отыр деп айта аламын. Себебі, қате шешімдер шығарып жатыр.

Мысалы, 2011 жылы 4 қалада бірдей лаңкестік оқиға болды. Ақтөбеде, Атырауда, Жамбылда, Алматыда.  Мемлекет не істеді? Заң шығарды, бірақ заңда салафизмге тыйым салынған жоқ, оны қайтарудың жолдары қарастырылған жоқ.

Керісінше, дінге тыйым салынды. Мемлекеттік қызметкерлердің намаз оқуына мүмкіншілік бермеді, намазханаларды жабумен, қыз балалардың орамалымен айналысты.

Салафизм үшін намаз оқитын жамағатты мүмкіншіліктен айыру бұл – демократиялық құқыққа да қайшы. Дінде мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызметкер емес деп бөлу, меніңше, қате қадам. Бұл – салафизммен нақты күресе алмай отырғанымызды білдіреді».

«Басты тақырыптың» мұрағаты

Хабарламаларға жазылу