«Сенбілік таң» бағдарламасы ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбековтың отбасында  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» бағдарламасы ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбековтың отбасында  (ВИДЕО)

08.04.2017

«Сенбілік таңның» бүгінгі кейіпкері - эстрада әншісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков. 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 

Ол 1979 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, осы ансамбль құрамында бүкілодақтық, дүниежүзілік және халықаралық фестивальдар мен конкурстардың лауреаты атанды.

Кейіпкеріміз Алматы облысы Сүйінбай атындағы филармонияның «Арқа», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салған. 3 баланың әкесі, жеті немеренің сүйікті атасы.

Бағдарлама барысында әнші отбасы мүшелерімен таныстырды. Ал, оның туған әпкесі Ақжол Мейірбековтың есімі қалай қойылғандығын айтып берді.

Хабарламаларға жазылу