«Арай» тобында өнер көрсетіп, қазір жеке шығармашылығын бастаған әнші Рысбек Аташ бағдарлама қонағы болды. Әнші шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісіп, студияда көрермендерге ән тарту етті.
«Қазір «Арай» тобына не болды?» деген сұрақтар көп қойылады. Топ тараған жоқ, жұмысын тоқтатты. Ертеңгі күнге ешкім жауап бере алмайды.Медет екеуміз бірауыздан келісіп, жеке өнер көрсетуді жөн көрдік.
Жақында «Ұмыт бәрін» әніне бейнебаян түсірілді. Бұл - менің алғашқы жеке әнім. Бір-екі күнде тизері, ал 5-6 күнде толық бейнебаян экрандарға шығады.
Жеке шығармашылығымда дуэт айту жоспарда жоқ», - дейді әнші.