Кенжеғали Мыржықбай: Фонограмма тоқтаған күні жұлдыздар жерге түседі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенжеғали Мыржықбай: Фонограмма тоқтаған күні жұлдыздар жерге түседі (ВИДЕО)

03.04.2017

Бүгін ҚР Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбайдың туған күні. Осыған орай бағдарлама жүргізушілері Кенжеғали Тұрсынбекұлын қонаққа шықырды.

«60-тан кейін көп кәсіби әншілер әншілігін тастайды. Олардың ішінде өзімнің әріптестерім де бар. Мен әлі күнге дейін концерт беремін. Бұл - режиміме байланысты болар. Екі мезгіл тамақ ішемін, көп жаяу жүремін. Темекі, спирттік сусындардан аулақпын. Позитивтік көңіл күйде өмір сүремін.

Қазіргі өнерге келетін болсақ. Шоу мен шоумендердің көбеюі, фонограмманың қаптауы нағыз таланттардың көлеңкеде қалып қоюына себеп. Фонограмма тоқтаған күні жұлдыздар жерге түседі», -дейді әртіс.

Хабарламаларға жазылу