«Таңшолпан». 1400 баланы бауырына салған үндістандық ана (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 1400 баланы бауырына салған үндістандық ана (ВИДЕО)

31.03.2017

«Жетімдердің анасы» деген атпен танылған үндістандық Сюнжетай Сатптал 40 жылдың ішінде 1400 баланы бауырына салып, өсіріп, баққан. Қазір жасы 70-ке толған қарияның қарамағында 5 балалар үйі бар.

Сюнжетай әжейдің айтуы бойынша, ол бүгінде заң жүзінде 282 ұлдың, 49 қыздың анасы. Өзі сауатсыз болса да, ол балалардың білім алауына қатты мән береді. Перзенттерінің көбі инженер, дәрігер, заңгер болғысы келеді. Оның балалар үйінен ерекшелігі – 18 жасқа толған жасөспірімдер бұл жерден кетуге міндетті емес. Тұрақты жұмыс тауып, үйленгенше осында тұра береді.   

Хабарламаларға жазылу