11 баланы бауырына басқан батыл ана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 баланы бауырына басқан батыл ана

08.03.2014
11 баланы бауырына басқан батыл ана

Елордада Балалар ауылы бар. Онда ата-ананың қамқорлығынан айырылған жеткіншектер кәдімгі отбасылық жағдайда тәрбиеленеді. Қазір мұнда 14 отбасы бар. Жанар Рақымбаева - 11 баланы бауырына басып, өмірін осы балғындарды тәрбиелеуге арнаған жандардың бірі.

 
Осыдан 14 жыл бұрын ол кезде 28 жастағы Жанар ең қиын әрі маңызды шешім қабылдады - ол өзінің жеке басының қамын ойлаудан, тұрмыс құрудан бас тартып, осы жолды таңдады.
 
Жанар Рақымбаева, ана-тәрбиеші:  
Жалғыздық құдайға ғана жарасқан деген пікірмен мен келіспеймін. Ешқандайда жалғыз емеспін. Жанымда қаптаған бала. Өзімді жалғыз сезінбеймін.
 
Өзіме қатты бауыр бастым. Бір адам маған балаң тәрбиесіз, бетімен кетіпті деп айтқан жоқ. Сондықтан мен өзімнің балаларым үшін жауап бере аламын. Ұялмаймын. Өзінің ұшқыр ойы болса, ақылдылығы болса, парасаттылығы болса. Оның барлығы жанұядан емес пе?!
 
Осы балаларды ешкім нықтап, зорлап менің мойныма асып берген жоқ. Осы балаларды өзім алдым. Мамалап тұр. Бір күні жылайды, бір күні ренжиді, бір күні қуанады. Бала деген солай өспейді ме. Кім не демейді. Өзім бір 20-30 жылдаң соң болсын осы балалардың бір рахатын көремін. Сол кезде ел де біледі, өзім де білемін.
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу