Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында бақ сынап, қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sports.kz.
Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада 121,88 бал алып, екінші тұғырдан көрінсе, жарыстың екі кезеңіндегі жалпы есеп бойынша 175,04 балмен үшінші орын алды. Алтын медаль кореялық Дабин Чойға (187,54) бұйырды, ал, күміс жүлде Цзиюнь Лидің (175,60) еншісінде.
Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады (132,64).